Трюк жасамақ болған жігіт мерт болды

Редактор
31 окт. 2024 г., 00:00
Трюк жасамақ болған жігіт мерт болды

Марқұм TikTok-та жарияланған байқауға қатысу үшін экстремалды видеотрюк жасамақ болған. Түсірілім Алматы облысы Іле ауданындағы "Сокол" автодромында өткен. Трюкті орындау кезінде Батырхан ауыр жарақат алып, кейіннен ауруханада жан тапсырған.

Бұл ақпаратты Алматы облысы ПД баспасөз қызметі растады. 

Оқиға орнында түсірілім жүргізілген. Трюкті орындау кезінде 22 жастағы жігіт көлік доңғалағы астына түсіп, ауыр жарақаттар алды. Салдарынан жәбірленуші аудандық ауруханаға жеткізіліп, келесі күні - 30 қазанда есін жимастан көз жұмды. Lamborghini тізгінінде 45 жастағы ер адам болған. Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, - деді ПД.

Аталған оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.