Трамп Тоқаевты G20 саммитіне шақырды

Редактор
24 дек. 2025 г., 15:30
Трамп Тоқаевты G20 саммитіне шақырды

Бұл туралы АҚШ Президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

"Бүгін таңертең мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлестім. Біз қазіргі қақтығыстарда бейбітшілікті орнатудың маңызын, сондай-ақ ел арасындағы сауда мен ынтымақтастықты кеңейтуді талқыладық. Екі елмен де қарым-қатынасымыз керемет. АҚШ келесі жылы G20 саммитін қабылдайды және біз осы өте маңызды іс-шараға, Майамиде өтетін саммитке Қазақстан Республикасының Президентін  қонақ ретінде қатысуға шақырамыз, — деп жазды АҚШ Президенті.