Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы етіп «сайлап» алды

Редактор
12 янв. 2026 г., 16:57
Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы етіп «сайлап» алды

АҚШ президенті Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында сурет жариялады. Суреттен Дональд Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы ретінде көрсеткенін байқауға болады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Трамп жариялаған скриншот Wikipedia онлайн-энциклопедиясының интерфейсіне ұқсайды.

Онда Трамп өзін тағы бір жаңа лауазымға "ие болғанын" меңзеген. Яғни ол өзін 2026 жылғы қаңтардан бастап Венесуэла президентінің міндетін атқарушы ретінде көрсеткен.