Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды

Редактор
22 сент. 2025 г., 17:33
Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-ші сессиясы аясындағы жалпы дебатта сөз сөйлейді.

Президент бірқатар мемлекет басшыларымен және халықаралық ұйым жетекшілерімен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ сапар аясында трансұлттық компаниялардың өкілдерімен екіжақты және "дөңгелек үстел" форматында кездесулер ұйымдастырылып, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылады.