Тоқаевтың баспасөз хатшысы тағайындалды

Редактор
17 февр. 2025 г., 21:25
Тоқаевтың баспасөз хатшысы тағайындалды

Тоқаевтың жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.

Ол бұған дейін президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды.

Айта кетсек, бұған дейін аталған қызметте болған Берік Уәли Абай облысы әкімі болып тағайындалған.