Тоқаевқа 15 наурыздағы референдумға дайындық туралы мәлімет берілді

Редактор
24 февр. 2026 г., 20:02
Тоқаевқа 15 наурыздағы референдумға дайындық туралы мәлімет берілді

Мемлекет басшысы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевқа республикалық референдумды ұйымдастыру және дайындық жұмыстары туралы мәлімет берілген.

Мемлекет басшысы референдумды өткізу барысында ашықтыққа, заңдылыққа және барлық азаматқа тең жағдай жасау қажет екеніне баса назар аударған.