Тоқаев Путинмен сөйлесті

Редактор
14 окт. 2025 г., 20:43
Тоқаев Путинмен сөйлесті
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
 
 
"Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады", - деп жазылған хабарламада.
 
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы қараша айында Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындықтың кейбір аспектілері қарастырылды.
 
Еске салайық, Қазақстан президенті қарашада Ресейге мемлекеттік сапармен баратынын хабарлады.