Тоқаев Путинді құттықтады

Редактор
12 июн. 2025 г., 14:31
Тоқаев Путинді құттықтады

Мемлекет басшысы Ресей президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді осы елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады. 

Елдеріміздің арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың деңгейі жоғары. Бұл стратегиялық серіктестік және одақтастық рухына толықтай сай келеді, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.