Тоқаев Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын растады

Редактор
16 февр. 2026 г., 21:31
Тоқаев Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын растады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин телефон арқылы әңгімелесу барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты, деп хабарлады Ақорда.
 
Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Ресей сан қырлы қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын достық әрі өзара сенім сипатында талқылады.
 
"Президенттер жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету жұмыстарына оң баға беріп, бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын ілгерілетудің маңызына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын тағы да растады", - деп жазылған хабарламада.