Тоқаев Президент әкімшілігінде бірнеше маңызды ауыс-түйіс жүргізді

Редактор
17 февр. 2025 г., 15:11
Тоқаев Президент әкімшілігінде бірнеше маңызды ауыс-түйіс жүргізді

Мемлекет басшысы Президент әкімшілігінде бірнеше маңызды тағайындау жүргізді, деп хабарлайды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Ербол Дәненұлы Адаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Тілекұлы Ерғарин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Сол секілді Ерұлан Жамаубаев Ақордадағы қызметінен кетіп,  Ұлттық Банк Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, делінген хабарламада.