Тоқаев пен Лукашенко қазақ-беларусь қарым-қатынасының даму перспективасын талқылады

Редактор
29 окт. 2025 г., 20:40
Тоқаев пен Лукашенко қазақ-беларусь қарым-қатынасының даму перспективасын талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекеттер басшылары қазақ-беларусь қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады.

"Сондай-ақ саяси диалог жоғары деңгейде және сауда-экономикалық, гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті", - деп жазылған хабарламада.

Тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан президенті Минскіде өтіп жатқан Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі конференцияның маңызына тоқталды.
Мемлекеттер басшылары алдағы бірлескен іс-шаралар аясындағы тығыз ықпалдастықты жалғастыруға уағдаласты.