Мемлекет басшысы "Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы" өкімге қол қойды, деп хабарлады
Ақорда.
Жұмыс тобының құрамында парламент мәжілісі мен сенатының, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілері бар.
Бұған қоса, жұмыс тобына ғылыми институттардың басшылары, еліміздің құқықтық жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан әрі конституциялық құқық, мемлекет және құқық теориясына бағдарланған белгілі заңгер-ғалымдар, сондай-ақ Ұлттық құрылтай мүшелері мен сарапшылар енді.