$ 489.33
 566.3
 6.74

Тоқаев Израиль Кнессетінің төрағасымен сауда-экономикалық серіктестікті талқылады

Редактор
08.04.2025, 17:43
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Президент Израильде жасалған озық технологияларға жоғары баға берді

Президент Израиль мемлекеті Кнессетінің төрағасы Амир Охананы қабылдады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Израиль Парламенті спикерінің Қазақстанға сапары қазақ-израиль қарым-қатынасын нығайтуға екі елдің де бейіл екенін растайды. Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың перспективасын қарастыру тұрғысынан бұл сапардың мәні зор деп санайды.

Кездесуде сауда-экономикалық серіктестікке баса назар аударылды. Сонымен қатар су ресурстары саласындағы кооперация мәселесі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Израильде жасалған озық технологияларға жоғары баға беріп, еліміз аталған бағытта серіктестік орнатуға әзір екенін растады, – делінген Ақорда хабарламасында.

Амир Охана қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан президентіне алғыс айтты. Ол екі елдің көпжоспарлы байланыстарының табысты дамып, ықпалдастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашып келе жатқанына тоқталды.

Последние новости

Посмотреть все