Тоқаев Италия президенті Серджо Маттарелламен кездесті

Редактор
10 мар. 2025 г., 01:16
Тоқаев Италия президенті Серджо Маттарелламен кездесті

Мемлекет басшысы Италия президенті Серджо Маттарелламен кездесті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Италияға былтырғы сапарымнан жақсы әсер алдым. Сіздің қонақжайлық танытып, нәтижелі келіссөз жүргізуге барынша жағдай жасағаныңыздың арқасында сапарым өте сәтті өтті. Екі мемлекет түрлі салада тығыз қарым-қатынас орнатқан. Біздің нарықта біраз италиялық компания жұмыс істейді. Олардың қатары қарқынды артып келеді. Мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз да ойдағыдай дамып жатыр. Сондықтан елдеріміздің арасында берік ынтымақтастық қалыптасқан деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Италия Қазақстанның басты сауда серіктестерінің арасында үшінші орын алады, сондай-ақ экономикамызға қаржы құйған бес ірі инвестордың қатарына кіреді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда айналымы 20 млрд долларға жуықтаған.