Мемлекет басшысы 18-19 ақпан күндері Иордан Хашимит корольдігіне ресми сапармен барады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz..
Ақорданың хабарлауынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 ақпан күндері Король II Абдалла бен әл-Хусейннен шақырту алған.
«Сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді», – делінген Ақорда хабарламасында.