Тоқаев Францияға барады

Редактор
31 окт. 2024 г., 20:00
Тоқаев Францияға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмманюэль Макронның шақыруымен 4-5 қараша күндері Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Сапар барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Францияның іскер топтарының бірқатар өкілімен кездеседі.