Тоқаев Бішкек қаласына барды

Редактор
27 нояб. 2025 г., 15:00
Тоқаев Бішкек қаласына барды

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барды.

Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

Қасым-Жомарт Тоқаевты Манас әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.