Тоқаев Ақордада Италия президентін қарсы алды

Редактор
29 сент. 2025 г., 17:29
Тоқаев Ақордада Италия президентін қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада ресми сапармен келген Италия президенті Серджо Маттарелланы қарсы алды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. 

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды.