Тоқаев Ақордада Әзербайжан Президентін қарсы алды

Редактор
21 окт. 2025 г., 18:15
Тоқаев Ақордада Әзербайжан Президентін қарсы алды
«Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. 

Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Бұдан соң екі елдің әнұрандары орындалды.