Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмологиялық зерттеулер институты жер сілкінісі кезінде қауіпсіздікті сақтау үшін орындалуы тиіс 10 қарапайым қадамды жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Мамандардың айтуынша, бірінші кезекте үрейге бой алдырмау қажет. Лифт пен баспалдақты пайдалануға болмайды. Терезеден, ауыр жиһаздардан аулақ тұрып, жоғарғы қабаттарда іргелі қабырғалардың жанында паналау керек.
Төменгі қабаттардағыларға мүмкін болса, ғимараттан тез шығу ұсынылады. Ал көпқабатты үйлердің тұрғындарына жер дүмпу тоқтаған соң сыртқа шығу қажет.
Сейсмологиялық зерттеулер институты ұсынған 10 ереже:
Мамандар сейсмикалық қауіп жоғары өңір тұрғындарын қауіпсіздік ережелерін үнемі есте сақтауға шақырды.
Еске салайық, Алматы халқы 4 желтоқсанда шамамен 12:45-те жер сілкінісін сезді. Тұрғындарға зілзала туралы ескерту келді. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы MPV 6.7, тереңдігі – 5 шақырым. Алматыда және облыстың бірнеше елді мекенінде жер сілкінісі MSK-64 шкаласы бойынша 2-3 балл деңгейінде сезілді.
Есептік қарқындылық (баллмен) төмендегідей болды: