Тимур Құлыбаевқа тиесілі нысандар мемлекет меншігіне өтіп жатыр

Редактор
5 февр. 2025 г., 23:22
Тимур Құлыбаевқа тиесілі нысандар мемлекет меншігіне өтіп жатыр

Тимур Құлыбаевқа тиесілі нысандар мемлекет меншігіне өтіп жатыр, деп хабарлады Bairaqmedia.kz. 

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, өткен жылы бизнесмен Тимур Құлыбаевтың бақылауындағы компания 54 нысанды мемлекет балансына өткізіп берген. 

Олардың ішінде бұған дейін Құлыбаевтың бақылауында болған "Кипрос" және "Joint Technologies" құрамына кіретін "ТЭК-ҚАЗАҚСТАН" компаниясы бар.

Мемлекет меншігіне отын қоймалары, ғимараттар мен құрылымдар, негізгі құралдардан басқа ТЭК-Қазақстан компаниясының 54 нысанын берілді. "Қорғас" ХШЫО мүлкі, багаж терминалы және жер учаскесі қайтарылды, - делінген Бас көлік прокуратурасының хабарламасында.