Терроризм туралы жалған хабар таратқандарға қандай жаза қолданылады?

Редактор
20.08.2025, 17:10
Терроризм туралы жалған хабар таратқандарға қандай жаза қолданылады?
Терроризм туралы жалған хабар таратқандарға заң жүзінде жаза қарастырылған. Бұл туралы Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ескертті, деп хабарлайды...

Терроризм туралы жалған хабар таратқандарға заң жүзінде жаза қарастырылған. Бұл туралы Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ескертті, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Қоғамдық қауіпсіздік – мемлекет үшін ең басты құндылықтардың бірі. Алайда, кейбір адамдар ойнап немесе әдейі терроризм актісі туралы жалған хабар беріп, ел ішінде дүрбелең туғызады. Бұл әрекет заң бойынша аса ауыр қылмыс саналады дейді мамандар. Сондықтан, ҚР Қылмыстық Кодексi 273-бабы мұндай жағдайға нақты жаза белгілейтінін еске салып отыр.

Жалған хабарлаудың мазмұны терроризм актісі дайындалып жатыр деген қасақана жалған ақпарат тарату қоғамда үрей туғызады. Тәртіп органдары мен құтқару қызметін әбігерге салады. Мұндай хабардың жалған екені анықталса да, ол көп күш пен қаржы жұмсауға мәжбүрлейді. 273-бапқа сәйкес, дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау мынадай жазаларға әкеп соғады:

5000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл; 

сол мөлшерде түзеу жұмыстары;

5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру.

Бұл қоғам қауіпсіздігіне қауіп төндірген әрекетке қатаң тосқауыл қоюға арналған шара. Неліктен бұл қылмыс қауіпті? Қоғамда дүрбелең туғызады. Жалған хабар естіген тұрғындар қорқыныш пен сенімсіздікке бой алдырады. Арнайы қызметтердің жұмысын қиындатады. Полиция, әскер және құтқару қызметі жалған шақыртуларға уақыт пен ресурс жұмсайды. Шынайы қауіпке тосқауыл жасайды. Жалған хабарлар көп болған жағдайда шынайы террористік қауіптерге дер кезінде назар аудару қиындайды. Мемлекет қаржысына кәсіпкерлік қызметке орасан зор зиянын келтіреді. Терроризм актісі туралы жалған хабар – ойын немесе әзіл емес, ол қоғамда үрей туғызып қана қоймай, мемлекет қауіпсіздігіне зиян келтіреді, - делінген Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ таратқан видеода.

 Сондықтан, әр азамат ақпаратқа жауапкершілікпен қарауы қажет.