Танысының телефонын ақтарып, құпиясын жариялаған адам сотталды

Редактор
26 апр. 2025 г., 22:21
Танысының телефонын ақтарып, құпиясын жариялаған адам сотталды
Үкім заңды күшіне енді

Айыртау аудандық соты «Л» есімді азаматты жеке және отбасылық құпияны жариялағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Сот тергеуі барысында ер адамның бұрынғы танысының ұялы телефонын ұрлап әкетіп, мессенджер арқылы оның жеке өміріне қатысты мәліметтерді ортақ таныстары арасында әдейі таратқаны дәлелденді.

Үкім заңды күшіне енді. Бұл әрекет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабы 4-бөлігі бойынша бағаланды. Аталған бап бойынша алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Айта кетейік, егер дербес деректер бұқаралық ақпарат құралдарында немесе онлайн-платформаларда жарияланса, жаза 7 жылға дейін ұзаруы мүмкін.