Сыртқы істер министрі лауазымына Ермек Көшербаев тағайындалды

Редактор
26 сент. 2025 г., 14:57
Сыртқы істер министрі лауазымына Ермек Көшербаев тағайындалды

Ермек Көшербаев Қазақстанның Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетелік, бұған дейін Ермек Көшербаев премьер-министрдің орынбасары болды. Жаңа қызметінде ол Мұрат Нұртілеуді алмастырды.