СҚО-да пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекетке қайтарылды

Редактор
6 мар. 2025 г., 16:07
СҚО-да пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекетке қайтарылды

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
 
Прокуратура ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері қадағалау органы жалпы ауданы 125 мың гектардан асатын 34 жер учаскесінің мақсатына сай пайдаланылмағанын анықтаған.

Ақжар, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 34 жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған. Қадағалау актілері бойынша жалпы ауданы 8,3 мың гектардан асатын, кадастрлық құны 95,7 миллион теңге болатын 8 жер учаскесі қайтарылды, олар қазір заңды экономикалық айналымға тартылып бастады, – делінген хабарламада.

Қалған жер учаскелері бойынша оларды қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.