Шымкентте құрылыс компаниялары жауапқа тартылды

Редактор
13 янв. 2025 г., 21:28
Шымкентте құрылыс компаниялары жауапқа тартылды

Шымкентте тұрғын үй құрылысына үлескерлердің қаражатын тарту мақсатында заңсыз жарнама жасаған 4 компания анықталды.

Қала прокуратурасының мәліметінше, кінәлілер ҚР ӘҚБтК 320-бабының 1-бөлігі («Үлестік қатысу туралы заңнаманы бұзу») негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 3 млн теңге айыппұл салынған.

Қала тұрғындарына үлестік құрылысқа қатыспас бұрын құрылыс компанияларының лицензиялары мен рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеріп, олардың құжатының дұрыстығына көз жеткізуге кеңес беріледі, – делінген прокуратура хабарламасында.