Шымкентте полицейлер ер адамды ажалдан құтқарды

Редактор
4 мар. 2025 г., 00:37
Шымкентте полицейлер ер адамды ажалдан құтқарды

Шымкентте полицейлер көпбалалы әкенің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, патрульдік экипаж көлік қондырғысын қардан тазарту үшін жақын маңдағы көлік жуу орталығына барған. Мекенжайда шақыруға ешкім жауап қатпағандықтан, сақшылар орталық жұмысшыларын табу мақсатында ғимаратқа кірген. Қалың түтінге толы бөлме ішінде киімі жанып, ес-түссіз жатқан адамды көріп, инспекторлар Жұмахан Шымырбаев пен Жандос Сүлейменов бірден көмекке кіріскен.

Полицейлер ер адамды сыртқа шығарып, өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырған. Көп ұзамай бес баланың әкесі дәрігерлердің қолына тапсырылды. 

Осылайша, тәртіп сақшыларының жылдам әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды. Жалын еденге құлаған ауа жылытқыштан шыққаны анықталды.