Шымкентте «Nazira Gold» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары қамауға алынды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
ҚМА ақпаратына сәйкес, өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға салған ақшаларынан 20-40% көлемінде ай сайынғы табыс табуға уәде берген. Алайда, шын мәнінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдарынан іске асырылған. Нәтижесінде қаржы пирамидаға 4 мыңнан астам салымшы тартылған.
Қылмыстық табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған. Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден астам 12 кг алтын бұйымдар тәркіленген, – делінген хабарламада.
Күдіктілер екі айға қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.