Шымкентте медициналық ұйымдар 103 науқастың мүгедектігін анықтау үшін оларды медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге жібермеген, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Қадағалау актісі бойынша 18 науқасқа мүгедектік белгіленіп, әлеуметтік көмек көрсету құқығы қалпына келтірілді. Қалғандарына қатысты медициналық диагностикалық шаралар жүргізіліп жатыр.
Бұзушылықтар үшін медициналық ұйымдардың 42 медицина қызметкері, оның ішінде 14 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.