Шымкентте ер адам 16-қабатынан құлап ажал құшты

Редактор
15 янв. 2026 г., 14:26
Шымкентте ер адам 16-қабатынан құлап ажал құшты

Шымсити шағынауданындағы тұрғын үй кешенінің бірінде 16-қабаттан ер адам құлап, оқиға орнында мерт болды.

Аталған оқиғаға бойынша полицияға көпқабатты тұрғын үйдің ауласында мәйіттің табылғаны туралы хабарлама түскен.

Полиция суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта істің мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.

Бұдан бұрын Шымкентте көпқабатты тұрғын үйден ер адамның денесі табылғанын жазған едік.