Шымкент-Каир бағытында әуе рейсі іске қосылады

Редактор
24 февр. 2025 г., 23:00
Шымкент-Каир бағытында әуе рейсі іске қосылады

Шымкент-Каир бағытында әуе рейсі іске қосылады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

Азаматтық авиация комитетінің ақпаратына сәйкес, биыл 29 мамырдан бастап қазақстандық SCAT әуекомпаниясы Шымкент – Каир бағыты бойынша Египетке жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.

Рейстер аптасына 2 рет (дүйсенбі және сәрсенбі күндері) Boeing 737-800 және Boeing MAX 8 типті әуе кемелерінде орындалады.

Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтіледі.