Көлік министрлігінің ақпаратына сәйкес, биыл 27 мамырдан бастап SCAT қазақстандық әуе компаниясы Шымкент – Будапешт бағыты бойынша Венгрияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.
Рейстер Boeing 737 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен орындалатын болады.
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтіледі.
Билет бағасы:
Ұшу ұзақтығы: 5 сағат 30 минут.
Айта кетсек, елге бару үшін Шенген визасы қажет.