ШҚО-да пойыз екі әйелді басып кетті

Редактор
22.08.2025, 18:54
ШҚО-да пойыз екі әйелді басып кетті
Шығыс Қазақстан облысында екі әйелді пойыз басып кетті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Шығыс Қазақстан облысында екі әйелді пойыз басып кетті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

"Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 22 тамызда сағат 10:20-да Коршунов – Өскемен-1 (Өскемен-1 – Риддер учаскесі) аралығында болған.

"Пойыз машинисі темір жолда екі адамның болуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Бірақ бұл әрекет адамды басудың алдын алуға мүмкіндік бермеді", - деп жазылған хабарламада.

Оқиға салдарынан бір әйел оқиға орнында көз жұмды, екіншісі ауруханаға жеткізілді.