Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма мен Поганка өзендерінде су деңгейі күрт көтеріліп, Зубовск кентіндегі 13 үйдің ауласын су басты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Бұған Алтай ауданында екі күн бойы толассыз жауған жауын мен таудағы қардың еруі себеп болған.
ТЖД мен әкімдік қызметкерлері суды дер кезінде тартып, жағалауды 2 мың қап инертті материалмен бекітті.
Ақпаратқа сәйкес, қазір су деңгейі 73 сантиметрге төмендеген. Мамандар тәулік бойы бақылау жүргізіп отыр.