ШҚО-да жол апатынан бес адам көз жұмды

Редактор
5 нояб. 2025 г., 14:20
ШҚО-да жол апатынан бес адам көз жұмды
Шығыс Қазақстан облысының "Өскемен – Риддер" тас жолында жол апаты болып, салдарынан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
 
Оқиға 4 қараша күні "Өскемен – Риддер" тас жолының 48-ші шақырымында болған.
 
"ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima автокөлігін соқтығысқан. Оқиға салдарынан 5 адам жан тапсырып, 1 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді ведомстводағылар.
 
Қаза тапқандардың жеке басы мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
 
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, рұқсат етілген жылдамдықты асырмауды, ауа райы жағдайларын және техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертті.