ШҚО-да жасөспірімді құтқармақ болған 2 ер адам көз жұмды

Редактор
24.06.2025, 16:15
ШҚО-да жасөспірімді құтқармақ болған 2 ер адам көз жұмды
Оқиға орнында және ШҚО ТЖ департаментінде жедел штабтар құрылды

ШҚО-да жасөспірімді құтқармақ болған 2 ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 21 маусымда Қара Ертіс өзеніндегі Боран ауылынан 5 шақырым жерде 2007 жылы туған жігіт суға батып кеткен, ал оған 1991 және 1992 жылы туылған екі адам көмекке жүгіргенмен, бірақ ағысқа қарсы тұра алмай, олар да көз жұмған.

Оқиға орнында және ШҚО ТЖ департаментінде жедел штабтар құрылды. 2007, 1991 және 1992 жылы туылған суға батқан адамдардың денелерін құтқарушылар тапты, – делінген хабарламада.

Іздеуге Шығыс Қазақстан мен Абай облысының құтқарушылары, полицейлер, еріктілер, жергілікті атқарушы органдар мен шекара қызметі қатысты. Барлығы 176 адам, 15 жүзу құралы, 3 ұшқышсыз ұшу аппараты, су астындағы дрон, 1 эхолот пайдаланылды.