«Шлюзді ашып жіберген»: Алматы облысында бірнеше үйді су басты

Редактор
16 февр. 2025 г., 22:56
«Шлюзді ашып жіберген»: Алматы облысында бірнеше үйді су басты

Алматы облысында ауыл шаруашылығы алқаптарында салынған бірнеше ауланы су басты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Қарасай ауданы Көлашы ауылында шаруашылық қажеттіліктері үшін Қаскелең өзенінен ауылдың суару каналына су жіберетін шлюз белгісіз адаммен ашылған. Салдарынан қысқы кезеңде 4 аула аумағын су басқан. 

Ведомство өкілдерінің ақпаратына сүйенсек, аула аумақтары елді мекеннен тыс жерлерде ауыл шаруашылығы алқаптарында ретсіз түрде салынған.

Оқиға орнында ТЖД 7 қызметкері, 2 техника және 2 мотопомпалар, жергілікті атқарушы органнан 3 адам және 1 техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ, оқиға орнында Қарасай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері шлюз ашқан белгісіз адамды іздестіріп жатыр. Аэровизуалды тексеру және дұрыс шешім қабылдау үшін ҰҰА тартылған.