Шетелдегі сотталғандарға көмектесем деп, халықты тақырға отырғызды

Редактор
16.06.2025, 15:52
Шетелдегі сотталғандарға көмектесем деп, халықты тақырға отырғызды
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Алматы облысында қоғамдық бірлестіктердің бірінің жетекшісі болған әйел алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz

Тергеу мәліметінше, күдікті шетелде сотталған Қазақстан азаматтарын босатуға көмек көрсету мақсатында халықтан жиналған қаражатты иемденіп алған.

Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен («Алаяқтық») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді.