Семейде шыршадан құлаған мұғалімнің ісі бойынша әкім орынбасары күдікті деп танылды

Редактор
24 янв. 2025 г., 15:49
Семейде шыршадан құлаған мұғалімнің ісі бойынша әкім орынбасары күдікті деп танылды

Семейде шыршадан құлаған мұғалімнің ісі бойынша әкім орынбасары  Арайбек Хамзаевкүдікті деп танылды.

Бас прокурордың айтуынша, әкім орынбасарына қатысты тергеу өткен жылдың 27 желтоқсанында Арайбек Хамзаевтың мұғалімдерді қызметтік міндеттеріне қатысы жоқ жұмысқа тартқаны белгілі болған кезде басталған.

Тергеу "ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бабы бойынша жүргізілуде.