Семейде ер адам көлігімен Ертіске бата жаздаған

Редактор
16 апр. 2025 г., 14:39
Семейде ер адам көлігімен Ертіске бата жаздаған

Семейде көлігімен Ертіске бата жаздаған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, бүгін Семей қаласының «112» қызметінің пультіне Ертіс өзеніндегі Бейбітшілік аралының аумағында 1988 жылы туған ер адам жеңіл көлікпен ауыл жолымен жүріп өтіп, өзен жайылмасына кіріп, суда қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына барған құтқарушылар көліктің терезелеріне дейін суға батқанын, ал жүргізушісі автокөліктің төбесіне тұрғанын байқаған. Құтқарушылар алдымен ер адамды жағаға шығарып, оның жылынуына көмектескен, содан кейін көлікті шығарып алды.

ТЖМ жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады.