Рудныйда прокурор қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды

Редактор
29.09.2025, 14:25
Рудныйда прокурор қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды
Қазақстанның Бас прокуратурасы Рудный прокуроры қамауға алынғаны туралы хабарлады.
Қазақстанның Бас прокуратурасы Рудный прокуроры қамауға алынғаны туралы хабарлады.
 
"Қызметтік тәртіп бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қостанай облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімшесі облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп 2025 жылдың 28 қыркүйегінде қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Рудный қаласының прокурорын ұстады", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді, деп хабарлады прокуратурадағылар.