Рамиль Камалов ТЖ вице-министрі болып тағайындалды

Редактор
24 февр. 2025 г., 19:46
Рамиль Камалов ТЖ вице-министрі болып тағайындалды

Рамиль Камалов Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Үкіметтің 2025 жылғы 21 ақпандағы қаулысымен бұрын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болған Камалов Рамиль Фаткулович Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, – делінген министрлік хабарламасында.

Рамиль Камалов 1976 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Білімі – арнайы жоғары.

Азаматтық қорғау органдарында 1993 жылғы қыркүйектен бастап қызмет атқарып келеді. Мемлекеттік өрт қадағалау инспекторынан Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына дейінгі лауазымдарда қызмет атқарды. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментін басқарды.