Қызылорда облысында шетелдіктерге елде тұруға рұқсат заңсыз берілген

Редактор
24 февр. 2025 г., 17:12
Қызылорда облысында шетелдіктерге елде тұруға рұқсат заңсыз берілген

Қызылорда облысында шетелдіктерге елде тұруға рұқсат заңсыз берілген, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға күдікті бір топ адамның әрекетінің жолын кесті.

Алдын ала деректер бойынша, олар жақын шетел азаматтарына Қазақстанда уақытша тұруға 80-нен астам заңсыз рұқсат рәсімдеген. Тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігі, 394-бабының 2-бөлігі және 366-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген гхабарламада.