«Қыздың өзі кінәлі»: Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеген 217 адам жазаға тартылмайтын болды

Редактор
3 февр. 2025 г., 20:00
«Қыздың өзі кінәлі»: Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеген 217 адам жазаға тартылмайтын болды

Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеуге байланысты елді дүрліктірген іс бойынша күдіккк ілінген 217 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды. 
Бұл туралы «НеМолчиKZ» қорының жетекшісі Дина Тәңсәрі мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

«НеМолчиKZ» қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің айтуынша, 5 қыркүйекте күшіне енген «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес бұл адамдар жауапқа тартылуы мүмкін еді. Алайда оқиға 5 тамызда анықталып, 6 тамызда ғана шағым түскендіктен, жаңа заңның күші оларды айналып өткелі тұр.

«Оларды шақырды, кейбіреуін жұмыс орнынан тапты, кейбіреуін жұмыстан шығарды, тағы бірін жазалады, бірақ бұл қылмыстың себебін олар өзінің құмарлығы немесе ақы төлеп зорлық-зомбылық жасауға бейімділігінен емес, керісінше, қыздың өзіне және оның оқиғаны жария еткенінен көріп отыр», – деп жазды Таңсәрі.