Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданының халқымен кездесуде Қытай инвестициясы мен қытайлық жұмысшылардың келуінен қорықпауға шақырды, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Абай облысының әкімі Аягөз халқымен кездесуде жергілікті тұрғынның бірі ауданда қытай азаматтарының көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді.
Өз кезегінде Берік Уәли “инвестицияны Қытайдан тасымағанда Италиядан аламыз ба, ақшаны” деп мән-жайды түсіндірді.
Қытай дегеннен қашпау керек. Бұкіл әлем Қытайдың инвестициясына зәру. Соған таласып жатыр. Көрші тұрған Қытайдан тасымағанда енді біз Италиядан тасимыз ба ақшаны? Сол себепті қытайлар келіп жатса, олар ойнап жүрген жоқ қой. Біздің жолымызды салайын деп жатыр. Егер олардың талабына сай, жұмыс істей алатын болса, неге жергілікті мамандарды тартпасқа? Тартамыз, - деді әкім.
Сондай-ақ Берік Уәли халықты Қытайға қарсы қоймауға кеңес берді. Қорықсақ, онда жерді тастап Айға не Марсқа көшіп кетейік, - деді Абай облысының әкімі.
Көшіп кетейік, Халықты адастырып Қытайға қарсы қоюға болмайды. Қытайлар әлемде бар, тек Аягөзде ғана емес. Қытайда ақша бар, Қытайдан қорықпау керек. Қорықсақ, онда жерді тастап көшіп кетейік, Айға не Марсқа. Қытайлар келіп, көмектесеміз деп жатыр. Қаншама жыл саламыз дедік, осы теміржолды. Ешкім салмай қойды. Айналып келіп Қытайға салдырғалы жатырмыз. Қайта сіздер қытайларға көмектесіңіздер. Оларды ұрып-соққан видео өткенде тик-токта жүр. Екеуі қамалды. Ертең сотталады олар. Енді олар жұмыс істеуге келді, қонақ үйде тұрмағанда қайда тұрады? Үйіңізге кіргізесіз бе? Ол қонақүйдің иесіне ақшасын төлеп тұрып жатыр. Оның бәрі ақша. Мұның бәрі экономикаға құйылған қаржы. Сіз бен біздің еңбекақымыз,- деді Берік Уәли