Құлыбаевтарға тиесілі жер мемлекетке қайтарылды: Прокуратура Базарбектің депутаттық сауалына жауап берді

Редактор
27.09.2025, 23:57
Құлыбаевтарға тиесілі жер мемлекетке қайтарылды: Прокуратура Базарбектің депутаттық сауалына жауап берді
Уәкілетті органдармен оның ішінде Жер ресурстарын басқару департаменті, Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясымен, жүйелі және кезең-кезеңмен жұмыс істеу нәтижесінде 15 жыл бұрын жеке пайдалануға...

Уәкілетті органдармен оның ішінде Жер ресурстарын басқару департаменті, Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясымен, жүйелі және кезең-кезеңмен жұмыс істеу нәтижесінде 15 жыл бұрын жеке пайдалануға берілген құнды жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz Алматы облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомоствоның мәліметінше, соңғы бірнеше жылда бұл бағыттағы жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде. Мәселен, соңғы үш жылда мемлекетке жалпы сомасы 6,1 млрд теңгеге 83 мың гектар жер қайтарылды, оның ішінде 21 мың гектар, құны 1,6 млрд теңге бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктердің, олардың туыстарының, сондай-ақ «Forbes» тізіміне кіретін адамдардың меншігінде болды.

«Атап айтқанда, прокуратураның талап - арызы бойынша 2025 жылы мамыр айында Құлыбаевтар отбасына тиесілі Қапшағай жағалауындағы жер учаскесі мемлекетке қайтарылды .Сол сияқты депутаттық сауалда көрсетілген тағы 9 гектар жағалау аумағы қайтарылды. Іле ауданының жерлеріне қатысты-жұмыс жүргізілуде, тексеру нәтижелері туралы жұртшылықты хабардар ететін боламыз», - делінген хабарламада.

Облыс прокуратурасы жер заңнамасының сақталуын халықпен және Парламент депутаттарымен бірлесіп жүйелі түрде қадағалауда.