Ақпаратқа сәйкес, кеше шамамен сағат 12:00-де Құлсары қаласында 2018 жылы туған жасөспірім қыз үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Сағат 21:28 шамасында оның ата-анасы полицияға жүгінген.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 6 маусымда түнгі сағат 02:19 шамасында баланың мәиіті Құрсай өзегінен табылды. Баланы өлтірді деген күдікпен Құлсары қаласының 36 жастағы тұрғыны жедел ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен қамауға алынды, – делінген хабарламада.
Аталған дерек боийынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция мұндай ауыр қылмыстар үшін заңда ең қатаң жаза қарастырылғанын ескертеді.
Қылмыстық істің тергелуі Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында.