Қостанай облысында полиция итке пышақ сұққан ер адамды ұстады. Рудныйда әйел адам иттің пышақ жарақатын алғанына куә болды. Ол жануарды қорғау үшін дереу полиция шақырған, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлайды.
— Полиция 41 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, мән-жайлар анықталып жатыр, — делінген хабарламада.
Жануарларға деген қатыгездікке қылмыстық жауапкершілік қарастырылып, 200 АЕК-ке дейін айыппұл (738 мың теңге), түзету немесе қоғамдық жұмыс (200 сағатқа дейін) тағайындалуы мүмкін, ал кей жағдайда 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.