Қостанай облысында шетелдіктер шекарадан заңсыз өтпек болған

Редактор
29 янв. 2025 г., 14:17
Қостанай облысында шетелдіктер шекарадан заңсыз өтпек болған

Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы Шекара қызметімен бірлесіп, Денисов ауданы аумағында мемлекеттік шекараға жақын жерде екі шетелдікті қолға түсірді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Анықталғандай, заңбұзушылар Қазақстан-Ресей шекарасын ресми өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз кесіп өтпек болған. Олардың мұндай қадамға баруына Ресей аумағынан көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін депортациялануы себеп болған, – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мемлекеттік шекара режимін бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңнама талаптарына сәйкес Қазақстан аумағынан шығарылды.