Қостанай облысында республикалық маңызы бар жолды су басты

Редактор
16 мар. 2025 г., 18:03
Қостанай облысында республикалық маңызы бар жолды су басты

Республикалық маңызы бар KZ 10-05 «Мариновка ауылына кіреберіс» автожолының учаскесін су басты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

«Қазавтожол» ҰК» АҚ мәліметінше, бүгін сағат 11:00-де ауа температурасының күрт жылынуы мен қардың қарқынды еруі салдарынан Қостанай облысында республикалық маңызы бар KZ 10-05 «Мариновка ауылына кіреберіс» автожолының 9 шақырымында су тасқыны болған. Су басқан учаскенің ұзындығы – шамамен 40 метр, ал тереңдігі – 10 сантиметр.

Бұл учаске Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы бейтарап аумақтағы Желкуар өзенінің (құрғақ арна) бойында орналасқан. Көпір өткелінің болмауына байланысты аталған учаскеде жыл сайын су тасқыны қайталанып тұрады. Су тасқыны орнында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, ескерту белгілері орнатылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2 арнайы техника және 3 маман жұмылдырылды. Қазір автожолда қозғалыс шектеулері жоқ, – делінген хабарламада.

Бұл учаскенің бейтарап аумақта орналасуына байланысты Ресей Федерациясымен бірлескен көпір өткелін салу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр.